Ауыл әкімдерінің брифингі – ашықтық, жариялылық

Ауыл әкімдері брифингіашықтықтың, жариялылықтың озық үлгісі. Брифинг барысында әр ауыл әкімдері өз округтеріндегі халық саны, олардың экономикалық белсенділігі, тұрғындардың жұмыспен қамтылу барысын қамти отырып, ауыл ішінде қай көшенің қаншаға жөнделіп жатқанын, кім жөндеп жатқанын да нақты айтады. Сондайақ алдағы уақытта қандай көшелердің жөнделетіндігі, қай көшеге жарық бағаналары орналатындығы, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қаржы көздерін, грант, жобалар туралы толық мәлімет берілетіндіктен де ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген, үлкенкіші әкімдер кездесуінде ұсыныс етіп айтқан мәселелерінің қаншалықты шешім тауып жатқанын бағамдай алады. Әрі ауылда біткен іске, алдағы жоспарға қарап, әкімдерінің қабілетқарымын, іскерлігін де таразылай алады.

Осы ретте Қызылорда қала­сына қарасты ауыл әкімдерінің брифингін ықшамдап жариялағанды жөн көрдік.

2024 жылы ауыл кәсіпкерлерінің демеу­шілігімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы ауылдық округтің батыс жақ кіре берісінің 500 метрдей болатын Н.Төребаев көшесі бойына екі қатар 500 ағаш көшеттері егіліп, қоршау жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы ауылдың шығыс жақ кіре берісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойына 300 ағаш көшеттері егіліп, қоршау жұмыс­тары жүргізілді.

Сонымен қатар ағаш көшеттерін егу жұмыстарын жалғастыру мақсатында, «Бақыт кілті» қоғамдық қорының демеу­шілігімен ағаш шарбақтары әзірленді.

Ауыл аумағын тұрмыстық қоқыстардан тазарту жұмыстары «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрақ­ты түрде жүргізіліп келеді.

Ауылымыздың іргесінің кеңеюіне байла­нысты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның орнын ауылдан тыс жерге орналастыру үшін құжаттары әзірленуде.
Ауылда ұлттық спортты дамыту мақ­сатында арнайы жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Ақсуат ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтетін болсақ, Ақсуат ауылдық округінің халық саны бүгінгі күні  11671 адамға жетті. Оның ішінде экономикалық белсенді халық  4346 адам. Жұмыссыздар саны 24 адам, жұмыспен қамтылғандар саны 3798, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 548. Зейнеткерлер 947. Халық саны өткен жылмен салыстырғанда  0,7 пайыздық өсімді құрап отыр.

Өткен жылмен салыстырар болсақ 2024 жылы Ақсуат ауылдық округінің халық саны 10870 адам болды. Оның ішінде экономикалық белсенді халық  4143 адам. Жұмыссыздар саны 24 адам. Жұмыспен қамтылғандар 3581. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 538. Зейнеткерлер саны 839. Жұмыссыздық деңгейі 0,6 %.

2025 жылдың 6 айындағы бюджет 788 млн. 17 мың 900 теңгені құрап, орындалуы 253 млн. 431 мың 401 теңге. 44,4%.

Салық түсімдері 2025 жылға 50 млн. 167 мың теңгеге, негізі 6 айға жоспар 44 млн. 052 мың 200 теңге еді, орындалуы  53 млн. 785 мың 227 теңге болып, 122,0%-ға орындалды.

Округте 602-і шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның 18-і заңды тұлға, 524-і дара кәсіпкерлер, 56-сы шаруа қожалықтары.

Биылғы жылдың  6 айында 11 кәсіпкер 281,0 млн. теңге несие алды. Оның ішінде  «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 кәсіпкер 46,0 млн. теңге несиеге қол жеткізді. «Даму» қоры арқылы несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 1 жоба 200,0 млн. теңгеге қолдау тапты. Басқа да несие серіктестері арқылы 2 кәсіпкер 46 млн. теңгеге несие алды.

«Бастау Бизнес» курсын  10 адам оқып, сертификат алса, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 28,3 млн. теңгені құрайтын 18 жоба қолдау тапты. «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржылық ұйымы арқылы 9,8 млн. теңгені құрайтын ағаш шеберханасы жобасы  қолдау алды.

Сонымен қатар Сырдария ауданындағы Бесарық ауылының  әлеуметтік- экономикалық дамуындағы  бизнес инкубатор жобасын Ақсуат ауылымызда дамыту мақсатында осында шағын өнеркәсіптік – сауда кешені құрылысын салу  жоспарлануда.

Округ бойынша 2025 жылдың 6 айында  60 отбасына 16,6 млн. тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жыл басынан тұрақты жұмысқа 66 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа 33 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 4, «Жастар практикасына» 9, Күміс жас бағдарламасына 12 адам  тартылды. «Бастау Бизнес» курсын 10 адам оқып сертификат алды.

Ауылымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі жаңадан қоныстанушы тұрғындарды электр жарығымен қамту. Осыған байланысты өткен жылы 32 көшені электр желілерімен  қамту мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 74 млн. теңгегеқұрылыс жұмыстары бастау алды. Биыл бұл жұмыстарды жалғастыруға 573 млн. 051 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары  толық аяқталғаннан кейін электр желілерімен қамтылмай қалған 22,5 шақырым болатын жаңадан қоныстанушы тұрғындардың электр желісіне қатысты мәселе шешіледі.                     

Одан бөлек  қоғамдық көліктер қатынайтын басты П.Тлепбаев, А.Найзағараев, Б.Жүсіпбеков, Канал-2  көшелерінде 100 млн. теңгеге жол құрылысы басталды, биыл қалған 616 млн. 756 мың теңгеге жол жөндеу жұмыстары  жалғасуда.

Қазіргі таңда 11 млн. 232 мың теңгеге 1,22 км болатын А.Арысбаев, Орманбаевтар, О.Жакенов көшелеріне  түнгі жарық бағаналары орнату  жұмыстары  аяқталды.

Сондай-ақ 1 млрд. 346 млн. теңгеге 18 көшеге жол құрылысын жүргізу және  315,62 млн. теңгеге 4 көшені қайта жаңғырту жұмыстары өтпелі кезеңмен жүргізілетін болады.

Жол құрылысы жүргізілетін 18 көшені атап айтар болсақ: И.Дауылбаев, М.Бажиев, №3 В, №7 В, №8, №9 В, №15, Ж.Аубакиров, К.Иманбердиева, А.Смайлов (№10), Е.Боранкулов (№11), Ш.Атеев(№14) көшелері бойынша мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС–мен өтпелі кезеңге келісім шарт жасалды.

А.Абиев, Жаңа тұрмыс, Қырық байтақ, №10 В, Б.Алимов, Т.Қаратаев көшелері бойынша мердігер мекеме «Қызылорда жолдары»ЖШС-мен өтпелі кезеңге келісім шарт жасалды.

Қайта жаңғыртудан өтетін Қ.Үсенбаев, Б. Жонбаев, Байтен және Сарыкөл көшелері. «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен өтпелі кезеңге келісім шарт жасалды.

Сонымен қатар  жоба құны 145 млн. 801,6 мың теңгеге 7 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату үшін қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі  арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау жоспарлануда.

Ауылдық округтегі мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға арнайы ауыл сыртынан агроаймаққа жер телімі белгіленіп, құжаттары рәсімделіп, 3 млн. 499,9 мың  теңгеге агро аймаққа бөлінген жер учаскесіне қоршау  жұмыстары   жүргізілді.

2024 жылы ауыл кәсіпкерлерінің демеу­шілігімен «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» автодәлізі бойындағы ауылдық округтің батыс жақ кіре берісінің 500 метрдей болатын Н.Төребаев көшесі бойына  екі қатар 500 ағаш көшеттері егіліп, қоршау жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы ауылдың шығыс жақ кіре берісі «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» автодәлізі бойына 300 ағаш көшеттері егіліп, қоршау жұмыс­тары жүргізілді.

Сонымен қатар ағаш көшеттерін егу жұмыстарын жалғастыру мақсатында,  «Бақыт кілті» қоғамдық қорының демеу­шілігімен  ағаш шарбақтары  әзірленді.        

Ауыл аумағын тұрмыстық қоқыстардан тазарту жұмыстары «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрақ­ты түрде жүргізіліп келеді.

Ауылымыздың іргесінің кеңеюіне байла­нысты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонның орнын ауылдан тыс жерге орналастыру үшін құжаттары әзірленуде.Ауылда ұлттық спортты дамыту мақ­сатында  арнайы жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған