Әйтеке би кентіндегі №60 референдум учаскесінде сайлау заңнамасының талаптары қатаң сақталып, учаскеде азаматтардың еркін әрі қолайлы жағдайда дауыс беруіне мүмкіндік жасалған.
Атап айтқанда, референдум учаскесі ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімді болуы үшін арнайы талаптарға сай жабдықталған. Ғимаратқа кіреберіс тұсқа пандустар орнатылып, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар дайындалған. Сонымен қатар көру қабілеті нашар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Брайль қарпімен әзірленген трафареттер де қарастырылған.

Ақпараттық стендтер де арбамен қозғалатын азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімді деңгейде орналастырылған. Бұдан бөлек, көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін жаңа Конституция жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі аудио нұсқасы ұсынылып отыр.

№60 референдум учаскесінің төрағасы Батырбек Тәңірбергенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында:
«Біздің учаскеде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне ерекше көңіл бөлінген. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың да өз таңдауын еркін білдіруі үшін барлық жағдай жасалды», – деп атап өтті.

Қорыта айтқанда, №60 референдум учаскесінде әрбір азаматтың құқықтары сақталып, дауыс беру үдерісінің әділ әрі қолжетімді өтуіне барлық мүмкіндік қарастырылған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған