Байқау қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орайластырылған.
Жұмысшы мамандық иелері өз кәсібі жайлы бір минуттық ролик түсіріп, #adildikbaiqau және #adildikorkendeu хэштегімен инстаграмда жариялай алады.
– Басты мақсатымыз – қоғамда жұмысшы мамандықтар мен еңбек адамының мәртебесін арттыру. Сондай-ақ, жұмысшылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің күнделікті еңбегін елге паш етуге мүмкіндік беру. Осылайша әркімнің еңбегі маңызды екенін тағы бір мәрте еске салмақпыз, – деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.
Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар әзір. Бірінші орын – робот шаңсорғыш, екінші орын – AppleWatch смарт сағаты, үшінші орын – Яндекс колонкасы. Байқау қорытындысы 10 қазанда жарияланады.
Қор байқауды жыл сайын өткізеді.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлерде 20 өкілдігі мен 3700-ден астам жақтасы бар. 7 өңірде қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Қордың жобалары – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің, жол сапасы мен мектеп мәзірінің мониторингі.
Қордың манифестімен мынасілтеме бойынша танысуға болады.
Баспасөз хатшысы – Гүлжан Марқабаева, +7 701 986 9966, adildik.org.kz@gmail.com