Бүгін «Анаға тағзым орталығында» «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Тұран» бастауыш партия ұйымына қарасты Экономика және құқық институтының ұйымдастыруымен «Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор,«AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Әйелдер қанатының», «Ғылымдағы әйелдерді қолдау» бағытының жетекшісі Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы ашты. Дөңгелек үстелде «Экономика және басқару» БББ-ның доценті, э.ғ.к. Абдимомынова Алмакул Шакирбековна «Ғылымдағы әйел бейнесі: қазақстандық нұсқа» тақырыбында, «Құқықтану» БББ-ның доценті, з.ғ.к. Жусупбекова Мадина Қойшыбайқызы «Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің құқықтық аспектілері» тақырыбында, Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының аға оқытушысы Паридинова Ботагөз Жаппарқызы «Қазақтың философиялық дүниетанымдағы әйел болмысы» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдап болғаннан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар ғылымдағы әйелдердің мәселелері туралы өздерінің ой- пікірлерін айтып, ортаға салып талқылады. Қатысушылар алдағы уақытта ғылымдағы әйелдерді қолдауға қажетті ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен бірге, ғылымдағы әйелдердің еңбектерін қолдап Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Алғыс хатпен марапаттады.

«AMANAT» партиясының атынан Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұсаева Гүлшат Исақызы әйелдерді ғылыми- зерттеу қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапаттады.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғалым әйелдерінің кітап көрмесімен танысты.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған