Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан –Мәслихат депутаттарының сайлауына Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек ардагері Алдажарова Ажаркүл Сейділдақызы да белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.Қарашеңгел ауылдық округіндегі №83 референдум учаскесіне арнайы отбасымен бірге келген ардақты ана ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық парызын орындады. Саналы ғұмырын адал еңбекке арнап, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ажаркүл апа бүгінгі сайлаудың мемлекетіміздің келешегі үшін маңызы зор екенін атап өтті.