Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызметкерлердің жеке автокөліктерінің құжаттарына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасының 4-взвод командирі, полиция капитаны Әбдікалыков Нариман Төлепбергенұлы және полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Молдабаев Абзал Қазбекұлы қатысты
Тексеру барысында автокөліктердің тиісті құжаттары қаралып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралдарының техникалық жағдайына жауапкершілікпен қарау және жеке қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.