Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық басталды. Мемлекеттік мереке қарсаңында қала және аудан орталықтарындағы LED-экрандар мерекеге орай безендірілді, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының ресми сайты.Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған мерекелік бейнелер LED-экрандарда, ғимараттардың қас беттерінде, алып шолу дөңгелегінде көрініс тапты.Мерекеге арналған безендірулер тарихи датаның маңызын айшықтап, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырады.Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еліміздің егемендік алғанына 35 жыл толады.