Бүгінде цифрлық технологиялар сот жүйесінің жұмысын жетілдіріп, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруда. Соның бірі – «Сот кабинеті» электрондық сервисі.

Аталған сервис азаматтар мен заңды тұлғаларға сотқа бармай-ақ, интернет арқылы талап қою арыздарын, өтініштер мен шағымдарды жолдауға, сот істері туралы ақпарат алуға және электрондық құжаттармен танысуға мүмкіндік береді.

Сервистің басты артықшылығы – уақытты үнемдеу, қағазбастылықты азайту және сот қызметтерін қашықтан пайдалану мүмкіндігін кеңейту. Бұл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін тиімді.

Электрондық қызметтерді пайдалану кезінде құжаттарды дұрыс рәсімдеп, заңнамада белгіленген процестік мерзімдерді сақтау маңызды.

Қорыта айтқанда, «Сот кабинеті» – сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға, сот жүйесін цифрландыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған тиімді құрал. Оның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану – заман талабына сай қызмет алудың оңтайлы жолы.

Б.Д.Қасиет

Шиелі аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған