▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.
 
▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның кәмелетке толмаған ұлы Қ. сағат 02:50 шамасында Қызылорда қаласында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде мопед мотокөлігін басқарған.
 
▪️Яғни, К. кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекетке баруына жол берген.
 
▪️Сот қаулысымен азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60550 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған