▪️Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс турнирінде ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Фемида» командасы ІІІ орынға ие болды.
▪️Пікірталас сайысына команда құрамында Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшісі басшысының орынбасары Жалғасбек Нұргүл, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы Исатай Бибіхан, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы Нұржігітов Қанат қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін және сыни ойлау қабілеттерін көрсете білді.
▪️Әріптестерімізді жүлделі орындарымен құттықтай отырып, биік белестерден көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі