Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы С.Абызбаева, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
Семинарды сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы С.Абызбаева ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Бегімбаев «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға енгізілген өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.
Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Абдразахов «Цифрлық кодекс: жаңа нормалар және оларды қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі