Бүгін Қызылорда облыстық сотында соттардың ведомстволық архивтерінің жұмысын жетілдіру мәселелеріне арналған семинар сабағы өткізілді.

Семинарға ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары, сондай-ақ, архивке жауапты мамандар қатысты.

Семинарды ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маманы А.Тілек әдістемелік ұсынымдардағы жалпы ережелер және істерді архивте сақтауға рәсімдеу тәртібі туралы баяндама жасады

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы Д.Тәуірбай істерді архивте сақтауға қабылдау және оларды жылдық тізімдемелер бойынша орналастыру тәртібін түсіндірді.

Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі, құжаттарды іріктеу және оларды жоюға рәсімдеу мәселелері бойынша Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Б.Ердәулет баяндама жасады.

Сонымен қатар, құжаттарды сақтау мерзімдерін көрсете отырып, соттардың қызметіне қатысты құжаттар тізбесі туралы құжат айналымы бөлімінің бас маманы А.Шадаева ақпарат берді.

Семинар соңында қатысушылар архивтік құжаттарды сақтау, жүйелеу және рәсімдеу бойынша негізгі мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған