Құрылтай сайлауы күні дауыс беруші азаматтар үшін бірнеше платформалар іске қосылған. Соның бірі – тізімде мүлдем жоқ азаматтарды уақытша тіркеу. Қызылорда қаласында 5 арнайы учаске жабдықталған. Мұнда Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс жасауда. Яғни дауыс берушілер тізімінде жоқ азаматтарды уақытша тіркеп, оларға дауыс беруге жағдай жасап отыр.

– Біздің №264 сайлау учаскесінде онлайн сервис арқылы азаматтар уақытша тіркеліп, олар дауыс берді. Әрине, жеке куәлігін көрсету арқылы мүлдем тіркеуде болмаған азаматтар онлайн сервис көмегімен уақытша тіркелуде,-деді комиссия төрағасы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған