Banner

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына 12 күн қалды. Маңызды науқанда учаскедегі комиссия мүшелері сайлаушылар үшін шақыру қағаздарын таратуда.

ҚР Орталық сайлау комиссиясымен дайындалған бірыңғай үлгідегі QR код белгісі бар шақыру қағаздары әрбір үйге, әрбір азаматқа шақыру қағаздары беріледі.

Өңірде А5 форматта 500591 шақыру қағазы әзірленді, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерге А3 форматта 5930 ақпараттық хабарлама дайындалды.

Шақыру қағаздарын тарату процесінен кейін азаматтарға смс хабарламалар жіберіледі.

Айта кетейік, азаматтар науқан барысы туралы және өз учаскесі туралы ақпараттарды gov.kz платформасында және Halyk, Kaspi платформасында қолжетімді.

Сонымен бірге қызылордалық сайлаушылар үшін saylau.orda.gov.kz арнайы сайты іске қосылған. Бұл онлайн сервис телеграм ботында және Smart Qyzylorda мобильді қосымшасында бар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған