▪️Арал аудандық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер А.-дан 4 396 000 теңге қарызын және сот шығыстарын өндіру туралы талап қоюы медиация тәртібімен реттелді.
 
▪️Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан қарызға ақша алып, оны қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған. Осыған байланысты, талап қоюшы соттан қарыз сомасын өндіруді сұраған.
 
▪️Істі қарау барысында тараптарға  татуластыру рәсімдерінің көмегімен дауды шешу құқықтарын, татуласудың артықшылықтары мен құқықтық салдарын түсіндірген.
 
▪️Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
 
▪️Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген.
 
▪️Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған