Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар өткізілді.
▪️Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Б.Қалымбет, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
▪️Семинарды алқа төрағасының міндетін атқарушы Б.Қалымбет ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Алиев, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева қылмыстық істерді қарау практикасы бойынша баяндама жасады.
▪️Байқоңыр қалалық сотының судьясы А.Казкенов ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сай қоғамдық жұмыстарды қолдану мәселесіне тоқталса, Қазалы аудандық сотының судьясы Ж.Бостандықұлы соттылықты анықтау және құқық бұзушылық жасаған жері бойынша істі қарау тәртібі туралы айтып өтті.
▪️Сонымен бірге, Қызылорда облыстық сотының судьясы Г.Тиштикбаева апелляциялық сатыда қаралған сот істеріне тоқталды.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі