Қызылорда облыстық сотында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың судьялары, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев мерекелік шараны ашып, халықаралық әйелдер күні ізгіліктің, нәзіктіктің символы – әйелдер қауымына деген шынайы құрметтің белгісі екенін, бүгінгі күні әйелдер сот жүйесінде ер азаматтармен қатар қызмет атқарып, іскерліктерін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сот жүйесінің дамуына үлес қосып келе жатқан аруларға еңбекте толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.

ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков өз сөзінде сот ұжымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, әйелдер қауымына ізгі тілегін арнап, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін судьялар және сот мамандары бірқатар марапаттарға ие болды.

Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Ш.Маликова ҚР Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медалімен, Қызылорда қалалық сотының судьясы Л.Алибекова Жоғарғы Сот төрағасының Құрмет Грамотасымен, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Абылайқызы Жоғарғы Сот төрағасының Алғыс Хатымен марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының отставкадағы судьясы С.Жуынтаева Қазақстан Республикасы «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» төс белгісімен, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Г.Искакова «Үш би» төс белгісімен, Қызылорда қалалық сотының судьясы Ә.Түбекбаева «Жеті жарғы» төс белгісімен, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті персоналды басқару бөлімінің бас маманы Б.Қаныбетова «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің қаржы бөлімінің басшысы М.Оспанова ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кайбалдиева «Сот жүйесінің үздігі» медалімен марапатталды.

Бірқатар судьялар мен мамандар ҚР Судьялар Одағының, Сот Әкімшілігі басшысының, Қызылорда облыстық соты төрағасының, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының, Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған