Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және өңірлік коалиция мүшелері Жалағаш ауданындағы «Мираж» шаруашылық қожалығында болып, шаруалармен кездесу өткізді.

Жиынға Жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Өмірзақ Елеусінов, облыстық мәслихат депутаты әрі өңірлік коалиция мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов, сондай-ақ аумақтық коалиция мүшелері Қаншагүл Мұстафаева мен Гүлзат Құрманбаева қатысты.

Іс-шара барысында коалиция мүшелері шаруаларға конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, алдағы референдумның маңызы және реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат берді. Сенат депутаты Руслан Рүстемов заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылау – Жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Нұртөре Жүсіп жаңа жобаның саяси жаңғыру үдерісінің жалғасы екенін, Конституция жобасы ашық талқылаудан өткенін және қоғамнан түскен ұсыныстар ескерілгенін жеткізді. Өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов реформалар аясында өкілді органдардың рөлі артып, қоғамдық бақылау тетіктері күшейетінін айтты.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Коалиция мүшелері тарапынан нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының елдің тұрақты дамуына ықпал етуі мүмкін екені және алдағы референдумның маңызды оқиға болатыны қарастырылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған