▪️Қызылорда облыстық сотында судьялардың Әдеп жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау үшін судьяларға қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

▪️Семинарға облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

▪️Шараны судья Әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева ашып, судья әдебінің нормалары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьяның мінез-құлқының қағидаларын белгілейтінін, Судья әдебінің Кодексінің нормаларын қатаң ұстану барша судья қауымына міндетті болып табылатынын атап өтті.

▪️Семинар барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова судьялардың әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша баяндама жасады.

▪️Шара соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған