▪️Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, С. бір жыл ішінде қайталап, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольді масаң күйде жүрген.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ іс құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Жаңақорған аудандық соты