▪️Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің
385-бабының 1-бөлігімен К.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.
▪️Сотталушы К. кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасаған.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. өзінің танысының әкімшілік қамауда болғанын біле тұра, оның жұмыстан босатылуының алдын алу үшін жалған еңбекке жарамсыз парақтарын жасаған.
▪️Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген.
▪️Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сырдария аудандық соты