▪️Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
▪️Сотталушы Е. алкогольдік масаң күйінде автотұрақта тұрған жәбірленушіге тиесілі автокөліктің есігі ашық қалғанын байқап, есікті ашып, жымқыру мақсатынсыз иеленіп, ішінде тұрған кілтпен оталдырып, басқарған.
▪️Сотталушы өзінің қылмыстық құқық бұзушылығын жалғастырып, шарап сатып алып, тұрақта тұрған автокөлікке қайта барып, оны оталдырып, көлікті басқарып келе жатқан кезде полиция қызметкерлерімен ұсталған.
▪️Сот талқылауы барысында сотталушы К. өзіне тағылған айыпты мойындап, жасаған қылмыстық әрекетіне шын ниетімен өкінетінін, кешірім сұрап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
▪️Сот талқылауында жәбірленуші К. қазіргі таңда сотталушыға қояр талап-тілегі жоқ екенін және кешірім беретінін көрсетті.
▪️Сот үкімімен сотталушы Е. ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Байқоңыр қалалық соты