▪️Сырдария аудандық сотында азамат С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Азамат С. танысы азаматша Е.-нің үйіне алкогольдік масаң күйде барып, есігін ашпаған соң, есікті сыртынан теуіп майыстырып, жәбірленуші азаматша М.-ның мүлкін қасақана бүлдірген.

▪️Азаматша Е. танысы С. мас күйінде келген соң, оған есікті ашпағанын, есікті сыртынан ұрып-соққанын, содан дереу полиция қызметкерлерін шақырғанын көрсетті.

▪️Жәбірленуші М. оқиғаны көрмегенін, алайда пәтер өзіне тиесілі екенін, пәтердің сыртқы есігі соққылардан майысқанын, келтірілген залал қалпына келтірілмегенін көрсетті.

▪️Сот отырысында С. кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

▪️Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған