Сырдария ауданының әкімі Б.СӘРМЕНБАЕВ:
1,7 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБА

Біз өткен жылдан бастап Президентіміздің және аймақ басшысының қолдауымен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты бірқатар келіс сөздер жүргіздік. Алдағы жылдары ауданда құны 1,7 триллион теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспар ла нуда. Жобалар ұлттық цифрлық платформаға енгізілген.
Мемлекет басшысының ерекше қолдауымен аудан да 2026-2028 жылдары «Қызылорда Энерджи ЛТД» серіктестігінің «Қуаттылығы 1100 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Құны 1,6 триллион теңгені құрайтын жобаға 280 гектар жер учаскесі анықталып, резервке алын ды(100 гектарына газ-электр станциясы салынады).
Құрылыс жұмыстарын биыл бастау жоспарлануда. Жоба жүзеге асқанда 510 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Екінші – Ұлттық цифрлық платформа бойынша «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігінің«Жүгері дақылын терең өңдеу зауытын салу» жобасының құны – 40 млрд. теңге.
Аймақ басшысының қолдауымен 2026-2027 жылдары жүзеге асатын жоба аясында инвестор бірінші кезеңде кептіру қондырғысын орнатады. Қазіргі таңда 35 гектар жер дайындалып, құрылыс жұмыстары басталуда. Жоба іске асқанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Үшінші – «СЕПМЕМ» компаниясымен «Газ өндіру зауытының құрылысы» жобасына байланысты келіссөздер жүргізілуде. Жоба құны 41 млрд. теңгені құрайды. Жобаны компания толық қаржыландырып, меншікті технологияларды, негізгі жабдықтарды және инженерлік құрылыс қызметтерін жүргізеді. Қазіргі таңда қажетті 20 гектар жер телімі нақтыланды. Жоба жүзеге асқанда 100 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Төртінші – Шаған ауылындағы құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын «Қуаттылығы 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысы» жобасы. Жобаны «Раманов» шаруа қожалығы биыл бастап, 2027 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында 15 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Шиелі ауданының әкімі А.Н. ЖАНДАРБЕКОВ:
ИНВСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны артып келеді.
Жобалық құны 88,2 млрд. теңгені құрайтын 10 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталды. Оның ішінде, «Тесис» ЖШС-ның «қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы», «VIGOR Holding» ЖШС-ның «қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы», «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-ның «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправкасы мен сервистік қызмет көрсету кешені, «Ақмая» ШҚ-нің (Жұмбеков Дәулет) «Күріш ақтау зауыты», «Таң ЛТД» ЖШС-ның «Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу», «Transshipment 1» ЖШС-ның Cұйық реагенттер (күкірт қышқылы) қоймасы, «Шиелі әк» ЖШС-ның жылына 1 млн. тонна әк өндіру зауыты жобалары өз жұмысын бастайды. Қалған жобалар кезең-кезеңімен іске қосылатын болады. Атап айтқанда.
- «Тесис» ЖШС-ның «қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы» Жоба құны-11,5 млрд. тг. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 80 га жер телімі табысталды. Қазіргі таңда, күн панелдері орнатылды. Құрылыс кезінде 55 адам жұмыспен қамтылды.
- «VIGOR Holding» ЖШС-ның «қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы» Жоба құны 4 млрд.тг. Іске қосылғанда 5 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 30 га жер телімі табысталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды. Сонымен қатар, аталған жобаға қосымша 30 га жер телімі бөлінуде.
- «Uranus Wind» ЖШС-ның «қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы» жобасы. Жоба құны 16,5 млрд. тг Іске қосылғанда 12 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 10 га жер телімі табысталды. Бүгінгі таңда жел қуатын анықтауға арнал ған арнайы қондырғылар әкелініп, орнатылды. Соны мен қатар жоба – сметалық құжаттары даярлануда.
- «Altyn Dala Energy ltd.» Жеке компаниясының «қуаттылығы 60 МВт күн электр станциясы» Жоба құны 20,6 млрд.тг Іске қосылғанда 18 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 223 га жер телімі табысталды. Қазіргі таңда жоба – сметалық құжаттары даярлануда.
- «Табиғи тас Қы зыл орда» ЖШС-нің «Жо ғары сортты әк өндіру және қиыршық тас өнді ру зауыты» жоба сы. Жоба құны 12,3 млрд. тг. Мемлекеттік қолдау шара сы ретінде индус триял дық аймақтан 10 га жер телімі сұралуда. Жа ңа жұмыс орны – 85 адам.
- «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-ның «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправ касы мен сервистік қызмет көрсету кешені жобасы. Жоба құны 1,5 млрд. теңге. Жаңа жұмыс орны-27 адам. Мемлекеттік қолдау шар асы ретінде Тұран ауылдық округі тұсынан 2 га жер телі мі табысталды. Қазіргі таңда құрылыс 70 пайызға орындалды.
- «Ақмая» ШҚ-нің (Жұмбеков Дәулет) «Күріш ақтау зауыты» жобасы. Жоба құны 300 млн. тг. 10 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күні күріш зауытқа қажетті құрал жабдықтар Қытай Халық Республикасынан жеткізіліп, күріш ақтау зауыты қыркүйек айынан бастап іске қосылып жұмыс жасауда.
- «Таң ЛТД» ЖШС-ның «Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу» жобасы. Жоба құны 200 млн. тг 15 адам жұмыспен қамтылды. Шиелі кентінен зауыт құрылысы үшін 5 га жер телімі бөлінуде.
- «Transshipment 1» ЖШС-ның Cұйық реагенттер (күкірт қышқылы) қоймасы. Жоба құны 1,5 млрд.тг 50 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
- «Шиелі әк» ЖШС-ы, жылына 1 млн. тонна әк өндіру зауыты, Қытайлық инвесторлармен жобалық құны 20 млрд. теңгені құрайтын жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба құны 1 кезеңде 5 млрд.тг (әк өндіру зауыты). 2 кезең 15 млрд.тг (Миниралды порошок өндірісі).Зауыт толықтай іске қосылғанда жаңадан 40 адам жұмыспен қамтылу жоспарлануда. Бүгінгі күні, зауыттың ірге тасын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов:
КӨШЕЛЕР МЕН КӨПІРЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

Қазіргі таңда аудан бойынша елді мекендерге бағытталған негізгі күре жолдардың барлығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ел президентінің, Үкімет басшысының және облыс әкімінің қолдауымен ауданаралық жолдардың мәселелері толық шешімін тапты. Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы ның жол сала сы бойынша барлығы 3,4 млрд. теңге ні құрайтын 13 жоба ны қаржы ланды руға бюджеттік өтінім жолдан ды. Алдағы уақытта бюд жет тің мүмкін дігіне қарай жұмыс тар өз жалға сын табатын болады. Анықтама үшін:
- Ақсу ауылындағы 3 көшенің құрылысы жұмыстарына мемлекеттік сатып алу кон курсы жарияланып, жеңім паз мердігер мекеме анық талды. Жобаны қаржы лан дыруға бюджеттік өтінім тап сы рылды. Жобаны аяқтау ға қажетті қаржы 288,3 млн.теңге.
- М.Шаменов ауылының Тәшім бетов көшесін күрделі жөн деу. Жоба құны – 167,1 млн. теңге.
- Аққұм елді мекені нің айналма жолын реконс трукциялау. Жоба құны – 196,5 млн. теңге.
- Мырзабай ахун ауылы ның К. Оспанов және Жаңа қоныс көшелерін күрделі жөн деу. Жоба құны – 591,9 млн. теңге.
- Мәдениет ауылының Жаңақоныс көшесін күрделі жөндеу. Жоба құны – 199,8 млн. теңге.
- Жаңаталап ауылының 2 көшесін күрделі жөндеу. Жоба құны – 128,0 млн. теңге.
- Ақсу ауылының 3 көшесін күрделі жөндеу. Жоба құны – 106,9 млн. теңге.
- Есет батыр ауылының 4 көше сін күрделі жөндеу. Жоба құны – 248,2 млн. теңге.
- Т. Жүргенов ауылының 8 кө шесін күрделі жөндеу. Жоба құны – 677,9 млн. теңге.
- Жаңақоныс – Таң бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау. Жоба құны – 287,6 млн. теңге.
- «Самара – Шымкент – Мәдениет – Т. Жүргенов – Жаңаталап – Аққыр» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында «Қорқытбай» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін қайта жаңарту. Жоба құны – 77,0 млн. теңге.
- «Самара – Шымкент – Таң» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Бозарық каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңғырту. Жоба құны – 350,6 млн. теңге.
- «Самара – Шымкент – Мәдениет – Т. Жүргенов – Жаңаталап – Аққыр» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында «Пірман» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін қайта жаңарту. Жоба құны – 97,9 млн. теңге.
Аймақ басшысының аудандардың шеткі аймақтарында орналасқан елді мекендерін дамыту тапсырмасына сәйкес Жаңадария, Аққыр елді мекендерінің 5 көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге ағымдағы жылға бюджеттен 565,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Аталған ауылдардың көшелерінің мәселелері толық шешімін табатын болады.
Арал ауданының әкімі А.ОҢҒАРБАЕВ:
ӘЛЕМГЕ БЕЛГІЛІ АРАЛДЫ ТУРИСТЕР АЙМАҒЫНА АЙНАЛДЫРАМЫЗ

Арал теңізі мәселесіне шетел діктер мен халықаралық қорлар дың назарын аудару, өңірдегі эколо гиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды жобалар ел Үкіметінің және аймақ басшысының тікелей назарында екенін айта кеткен жөн. Осы мәселелер бойын ша аудан ға бірнеше мәрте үкіметтік делегация өкілдері келді. Тіпті әлем дік, халықаралық банктер мен қорлардың өкілдері, елшілер келіп, экологиялық апат аймағына, теңізге деген жанашырлықтан туын даған әр бастамаға қаржылай қол дау беріп, жобаға жан бітіруге ынта лы болғандығын айтуға тиіспіз.
Сыр өңірінде туристік ай мақ ретінде танылып келе жат қан аудандардың бірі Арал ауда ны екені белгілі. Ауданда Орта Азияда алғаш болып «Geopark Aral»туристік орталығы ашыл ды. Аталған нысан тек инфра құры лымдық жоба емес. Бұл Арал өңірінің табиғи, тарихи, геология лық, мәдени және экологиялық бай мұрасын сақтау мен танытудың, сондай-ақ халықаралық стандарт тарға сай туристік орталық болмақ.
Айта өтейік, «GEOPARK ARAL» – ЮНЕСКО жаһандық гео парк терінің қатарына енуге ниетті Қазақстандағы бірден бір бастама. Бұл жоба экотуризмді дамыту, халықты экологиялық біліммен қамту, тұрақты табыс көзін қалыптастыру және Аралдың бай мұрасын келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді. Қасиетті топырақтың қойнауында сақталған сыр мен шежіре енді әлемге геотуризм арқылы таныстырылмақ.
Біз осы жоба арқылы ЮНЕСКО- ның жаһандық геопарк терінің қатарына қосылсақ 5 ту ристік нысанды халықаралық деңгейде дамыту үшін халықара лық қорлар дан қомақты қаржы тартуға мүмкіндік алатын боламыз.
Жалпы ішкі және сыртқы туризм бағытында келуші қонақтарға 40-қа жуық қоғамдық тамақтану нысандары қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар ішкі және сыртқы туризм бойынша 10 обьекті бегіленген. Олар Қам баш жағажайы, Көкарал бөгеті, Ақеспедегі «Ыстық су» бұрқағы, Шижаға аққұмы, Көкарал су плотинасы, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, Кердері 1-2 аймағы, Арыстанбаб кесенесі, Аралтұз зауыты, Бегім ана кесенесі туристік нысан болып белгіленген.
Жыл басынан бері ішкі турис тер саны 14 мыңнан асса, өзге елден келген туристер 900-ден асып отыр. Біз бұл сала бойынша қолға алынуы тиіс жұмыстарды одан әрі жалғастырып, әлемге белгілі Аралды туристер тоқтайтын қолайлы аймаққа айналдыруды көздейміз.
Жаңақорған ауданының әкімі М.САМИТОВ:
ГАЗДАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ ХАЛЫҚ САНЫНА ШАҚҚАНДА 52 ПАЙЫЗ

Аудандағы 8 елді мекен табиғи газға қосылған. Газдандыру көрсеткіші халық санына шаққанда 52 пайыз, елді мекендер бойынша 22,8 пайызды құрайды.
2025 жылы аудандағы 6 елді мекенді газдандыру, сондай-ақ, ірі өндіріс орындарын қажетті газбен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан қуаттылығы 20 мың текше/сағат болатын Жаңақорған автоматты газ тарату станциясы салынды. Өткен жылдың 18 қараша сында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы ның қатысуымен газ тарату станциясы іске қосылды. Жоба құны 2,3 млрд теңге.
Сондай-ақ, Сырдария өзенінің батысында орна ласқан Қожакент, Өзгент, Ақсуат, Ақжол, Жаңарық, Қыркеңсе елді мекендерін газдан дыруға жалпы құны 7,1 млрд. теңге болатын жоба-сметалық құжат тары демеушілікпен әзірленді. Бұл жобалардың құрылыс тары «ҚазақГазАймақ» акционерлік қоғамының 2026 2030 жылдарға арналған инвестициялық жоба ларының шеңберінде биылғы жылы басталады деп күтілуде.
Сондай-ақ 2023 жылы ауданымыздың солтүстігіндегі 5 елді мекенді (Сунақата, Еңбек, Екпінді, Қожамберді, Сүттіқұдық) газдандыруға 5,6 млрд. теңге болатын жобалар әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыруға ұсынылды. Осы 5 елді мекенді газдандыру үшін жоғары қысымды газ желісін тарту жобасы жасалып, биылғы жылы республикалық бюджеттен 100 млн. теңге(жоба құны 251 млн. тг) бөлінді. Жақын арада құрылыс жұмыстары басталатын болады. Бұған қоса демеушілер есебінен 30 млн. теңгеге Бесарық елді мекені тұсында автоматты газ тарату станциясын салуға жоба – сметалық құжаттамасы әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК:
ИППОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

2025 жылы желтоқсан айында Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 30,0 млрд. теңге болатын екі жобаны іске асыру мақұлданып, қазіргі таңда жер учаскелерін беру бойынша құжаттары рәсімделуде. Оның бірі«G Power Energy» (Джи Пауэр Энерджи) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Күн электр станциясын және деректерді өңдеу орталығын салу» жобасы. Жобаның жалпы құны 29,5 млрд. теңге. Жобаны іске асыруға Жосалы кентінің аумағынан 200 гектар жер учаскесін беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Жоба іске қосылғанда 45 жаңа жұмыс орыны ашылады.
Екінші жоба «Алаш метан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Метан бекеттерін салу» жобасы. Жобаны іске асыруға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 1 гектар жер учаскесін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоба құны 600,0 млн. теңге, іске қосылғанда 23 жаңа жұмыс орыны ашылады. Сондай-ақ, 15,6 млн. теңгеге 8 балалар ойын алаңына және 180 млн. теңгеге аудан орталығында орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық спортты дамыту мақсатында ауданда алғашқы рет демеушілер есебінен «Ақтөбе и К»ЖШС-нің қолдауымен Ақтөбе ауылында жалпы құны 80,0 млн. теңге болатын «Ипподром» құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталатын болады.
«Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау» жобасын қоса қаржыландыруға арнаулы мемлекеттік қорданқаржы бөлініп жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Қазалы ауданының әкімі А.ЕСМАХАНОВ:
ЕГІС АЛҚАПТАРЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

2026 жылға 17 мың 257 гектарға егін егу жоспар лануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 6 мың гектарға егіледі деп күтілуде.
Биылғы жылы Президент Жолдауын да көрсетілген агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне байланысты егін шаруашы лықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеу мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда.
Облыс әкімінің қолауымен 2026 жылы сол жағалау алыбының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен жұмысын бастауға 801,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 2 млрд. 589,5 млн. теңгені құрайды.
Аудан әкімдерінің брифингінен