Мемлекет басшысы да, ел де… Қанша дегенменен ел Үкіметі ғой…

Бір қарағанда Бектенов үкіметі ширығып-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауда, Құрылтайда айтқан тапсырмаларын орындауға бел шеше, белсене кірісіп-ақ жатыр. Әр аптаның сейсенбісінде жиын жасап, ел ішінде орын алған жайларды талқылап, тиісті министрлік басшыларын төпелеп, тапсырма беріп-ақ жатады.

Жиыннан қол босаса ел ішін аралап, өңір әкімдерінің Үкіметтің берген тапсырмасының орындалу деңгейін тексеріп бағады. Дегенменен, Тоқаев тапсырған халық тың әл-ауқа тын арттыратын, тұрмысын жақсар татын бірқатар мәселе шешілген жоқ. Мәселен жалақы көбейген жоқ, статис ти калық деректерде әр тоқсан сайын орташа жалақы көтерілді деп, бұрынғысынша 20 мың мен 50 мың арасын көтеріп көрсеткенімен жалақының көтерілгенін жұрт сезініп отырған жоқ.

Бағаны түсіреміз дегенмен, түскен жоқ. Салықты көбейтіп, мемлекет қаржысын бәлен триллионға көбейтеміз дегенімізбен кәсіп жасап, тіршілік етіп жүргендердің кассасына салмақ түсіріп қана қоймай, бір ғана ҚҚС дегенмен өзімізден өндірілгені болсын, сырттан келгені болсын, сатылатынның, сатып алатынның бәрінің бағасын көтердік. Соған қарағанда көбейген кіріс өндірілген өнімнің көбеюінен емес, сатып алушының, тұтынушының, яғни халықтың қалтасындағысының есебінен көбейгелі отыр деген дұрыс болар еді.

Демек, халық табысын арттырамыз деген Үкіметтің кірісін, керісінше халық төлеп, халықтың отбасына кіретін табысы кеміп отыр. Бірақ Үкіметтегілер мәз. Көбейген салық кірісінен жалақылары да жақсы болар, жиналыстарын жасап, ел аралап, жаңа заманға жаңғырған ештеңесі жоқ, бұрынғыдай жайбарақат жүр…

Амал жоқ, ақпанның 10-да Мемлекет басшысы Үкімет тің кезекті әр аптаның сейсенбісіндегі жиынына келіп, кеңейтілген жиналыс өткізді.

Ісің жаман, сөзің жаман дегенде, жақсысын қайдан та барсың дегендей, мақтап отырып, жаман жерін де айтты…

• Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс. Бұл – маңызды міндет. Жалпы, бюджетті асығыс игеру дұрыс емес. Мұны кім шығарып жүр? Жылдың соңында бюджетті игеру керек деген жарыс басталады. Басқаша айтсақ, бұл қаржыны оңды-солды шашу деген сөз. Жұмыс тәртібін қайта қараңыздар. Өйткені қазір заман басқа.

Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек.

• Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Аталған жүйелерді бір біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмады. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы.

Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын.

• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік меди циналық сақтандыру қорында жалған құжат толтырып, дерек терді бұрмалайтын қитұрқы жолдар бар екені анықталды. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мәселеге арнайы тоқталдым.

• Тағы да айтамын. Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау мекемелері барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуы қажет.

• Білім саласында да неше түрлі алаяқтық әрекеттер бар болып шықты. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жазаға тарту керек.

• «Самұрық-Қазына» қорына да дәл осындай талап қойы лады. «Самұрық-Қазына» қоры және бірқатар ұлттық компания басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Менің ойымша, қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «Сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды.

• Жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты. Бүгінде еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі. Дегенмен бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде қалып, 38 пайызды құрады. Ал екінші деңгейлі банктер былтыр «шыбық басын сындырмай», еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты.

• Шикізатты терең өңдеу – ауыл шаруашылығына да қатысты өте өзекті мәселе. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жалпы өнімді арттыру үшін қабылданып жатыр деуге болады. Соның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырмыз, баға да өсуде.

Атқарушы билік бұған тосқауыл қою үшін негізінен әкімшілік шараларға жүгінеді. Үкімет осыған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тікелей реттеуден бас тартатыны туралы айтты. Соған қарамастан, мұндай тауарлар саны 19 дан 31-ге дейін көбейді. Үкімет бұл шешімді уақытша шара деп түсіндірді. Бірақ уақытша деп басталған шара әдеттегідей тұрақты сипатқа ие болып кетпеуі керек.

• Әрбір кәсіпкер смартфон арқылы тікелей қолдана алатын біртұтас цифрлық экожүйе жасалуы қажет. Қазіргі реттеу шаралары кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі туғызады, материалдық шығын келтіреді. Осы кедергілер мен шығындарды азайту үшін кезінде шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Бірақ мораторий мерзімі аяқталған сәтте бәрі қайтадан бұрынғы қалпына түсті. Мысалы, 2020 жылы 70 мың тексеру жасалса, былтыр бұл көрсеткіш 92 мыңға дейін артқан. Тіпті, оның 85 пайызы жоспардан тыс жүргізілген. Шаш ал десе, бас алатын мұндай әрекетті доғару керек. Мұндай тексерулердің орнына медициналық қорды немесе жекеменшік мектептерді, әлеуметтік жеңілдіктер беру жүйесін тексеру керек еді.

• Енді «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жар лықты орындау мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр деуге болады. Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсыр маларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жа сауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан Жар лықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ.

Мысал ретінде мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін алып қарайық. Үкімет жеке меншікке өтуге тиіс 473 кәсіпорынның тізімін былтыр қазан айында бекітті. Бірақ актив терді саудаға шығармақ түгілі оны сатуға дайындық шараларының өзі әлі басталған жоқ.

• «Мемлекеттік мүлік туралы» жаңа заң да қабылданбады. «Қандай кедергі пайда болды? Мемлекеттік органдар неліктен өз активтерінен айырылғысы келмейді?» деген сұрақтар болуы мүмкін. Нақты себептер бар шығар, бірақ олар туралы бейхабармын. Шынын айтқанда, маған тиісті мағлұмат немесе ақпарат түскен жоқ.

(Үкіметтің кеңейтілген жиынында сөйлеген сөзінен ықшамдалды)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған