▪️Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында ҚР Парламенті Сенатының «SENAT OPEN-2026» шахматтан III ашық кубогы өткізілді.

▪️Аталған турнирге Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының жетекші маманы Л.Әбдуәли қатысып, жалпы есепте әйелдер арасынан жүлделі І орын иеленді.

▪️Әріптесімізді спорттық додадағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған