▪️Жаңақорған аудандық сотына жеке сот орындаушысы Н. борышкер А.-дан берілген көлік құралын басқару құқығының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныммен жүгінген.

▪️Анықталғандай, борышкер А. өндіріп алушы Е.-нің пайдасына алимент өндіру жайлы сот шешімін орындамай, алимент бойынша берешегі 661 994 теңгені құрағанын, борышкер өз тарапынан соттың шешімін орындамай, алимент бойынша берешектің жиналып қалуына жол бергені туралы көрсетті.

▪️Сот іс құжаттарын зерделей келе, жеке сот орындаушысы Н.-ның ұсынымын қанағаттандырып, борышкер А.-ға жүргізуші куәлігімен берілген көлік құралын басқару құқығының қолданылуы атқару құжаты бойынша қарызы өтелгенше тоқтатылды.

Жаңақорған аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған