▪️Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы С. жауапкерлер А., М., Д., К., Н.-дан негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.
▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, белгісіз тұлғалар талап қоюшыға хабарласып, өздерін заң компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, өз қызметтерін ұсынған. Өз кезегінде талап қоюшы көрсетілген банк шоттарына ақшалай қаражат аударған.
▪️Талап қоюшының аударған ақша қаражаттары жауапкерлердің банк шоттарына түскен. Бұл жағдай банк үзінділерімен расталған. Аударылған қаражаттың жалпы сомасы 2 610 000 теңгені құраған.
▪️Талап қоюшы сотқа жүгініп, белгісіз тұлғалардың алдауымен жауапкерлердің банк шотына өз ақшасын аударғанын, жауапкерлермен бұрын таныс еместігін, қандай да бір келісімнің немесе шарттың болмағанын көрсете отырып, соттан жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіріп беруді сұрады.
▪️Сот іс құжаттарын зерделей отырып, талап қоюды қанағаттандырып, жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына 2 610 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды.
Қызылорда қалалық соты