▪️Арал аудандық сотында азамат У.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, У. Арал қаласында «V» маркалы автокөлігін көрiнеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен У. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Арал аудандық соты