▪️Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Азамат Қ. алкогольді масаң күйде баласы Қ.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.
▪️Сотта Қ. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.
▪️Сотта жәбірленуші Қ. өзінің әкесіне кешірім беретінін, медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.
▪️Сот қаулысымен азамат Қ. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Сырдария аудандық соты