▪️Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік әділет саласын кеңейту шеңберінде заңнамаларға енгізілген өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

▪️Шараға әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы К.Қаниева, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.Маликова, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева және судьялары З.Жарылқасынова, М.Тоғызбаева, А.Сарсенбаев, облыс әкімі аппаратының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының, сәулет және қала құрылыс бөлімінің, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

▪️Шараны алқа төрағасының міндетін атқарушы К.Қаниева ашып, күн тәртібіндегі тақырыптың маңыздылығына тоқталып өтті.

▪️Сонымен бірге, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Сарсенбаев «Әкімшілік әділет саласын кеңейту шеңберінде заңнамаларға енгізілген өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.

▪️Қызылорда облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарау бөлімінің басшысы А.Жусупова 2025 жылғы арыз-шағымдарды қараудың қорытындысын баяндады.

▪️Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған