▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының конференциясы өткізілді.

▪️Оған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Б.Елшібеков, сот жүйесінің ардагерлері, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшісінің басшылары мен мамандары қатысты.

▪️Конференция барысында Қызылорда облысының ардагер судьяларының кеңесі туралы ережені және сандық құрамын бекіту, судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасын, мүшелерін және хатшысын сайлау, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасын және кеңес мүшелерін сайлау мәселелері қаралып, Қызылорда облыс судьяларының Судья әдебі жөніндегі комиссиясы төрағасы болып Қызылорда облысының мамандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Тоғызбаева сайланды.

▪️Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков қайта сайланды.

▪️Сонымен бірге, судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшелері және хатшысы, Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының мүшелері сайланды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған