▪️Қызылорда облыстық сотында «Сотқа жүгінуге негіз болған заң бұзушылықтардың себептерін жою бойынша мемлекеттік және өзге де мүдделі органдармен өзара іс-қимыл мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

▪️Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен бірге, банк ұйымдарының, қала әкімдігінің өкілдері, адвокаттар алқасының өкілі, облыстық ішкі аудит департаментінің және полиция департаментінің өкілдері қатысты.

▪️Сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

▪️Қызылорда қалалық сотының судьясы М.Абилханова «Азаматтық істердің өсуіне заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері және сот жүктемесінің өсуін азайту жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

▪️Сонымен бірге, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков талап қоюлар санының өсіміне тоқталды.

▪️Дөңгелек үстел әрі қарай аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысқан семинарға жалғасып, Қызылорда облыстық сотының судьясы С.Абызбаева «Алименттерді өндіріп алу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы» тақырыбында баяндама жасап, бірқатар мәселелерді атап өтті.

▪️Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған