▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Е.-ден 604 000 теңге көлемінде негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

▪️Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкер Е.-ге ақша аударып, cоның есебінен жауапкер негізсіз байығанын көрсеткен.

▪️Сот іс құжаттарын зерделеп, талап қоюды қанағаттандырып, жауапкер Е.-ден талап қоюшы Н.-ның пайдасына 604 000 теңге негізсіз баю сомасын және өкілдің қызметіне кеткен шығын 60 400 теңгені өндіру туралы шешім шығарды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған