Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар және оларды қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар, жұмыс беруші, жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына қайшы келетін заңбұзушылықтарға жол берсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 01 қаңтарынан күшіне енген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға әкімшілік жауапкершіліктер көзделген. Мәселен, ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін көзделген.
ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 43-2-бабының 6-бөлігіне сай – Еңбекші көшіп келушіге рұқсат еңбекші көшіп келушіге ол берілген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) құқық береді делінген.
Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарада тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі проблемалардың бірі заңсыз көші-қон болып табылады.
ҚР заңнамасын, сондай-ақ 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік шекара туралы» ҚР Заңын бұзу фактілері бар:
Шекаралық кеңістікте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде, шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру, сондай-ақ шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу кезінде белгіленген тәртіпті сақтамаудан көрінетін мемлекеттік шекара режимін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы).
Кіру (өту), уақытша болу кезінде шекаралық аймақта шекаралық режимді бұзу болып көрінетін шекаралық аймақтағы шекаралық режимді бұзу (ҚР ӘҚБтК 510-бабы)
Қазақстан Республикасының азаматы жеке басын куәландыратын құжаттарсыз, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарсыз не Ішкі істер органдары, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсаттамасыз Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы келген шетелдік (шектес мемлекеттердің шекара маңындағы аудандарының тұрғыны) беретін рұқсаттамасыз шекаралық аймақта жүріп-тұруы туралы мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі істер органдарының дактилоскопиялық ақпарат дерекқорында қамтылғанын ескерген жөн.
Сонымен қатар статистикалық мәліметке сәйкес, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық сотында 2025 жылдың 6 айында ӘҚБтК-нің 517-бабымен 287- әкімшілік ісі түскен, яғни Көші-қон заңннамасын бұзу бойынша.
Оның 9-ісі әкімшлік өндірістен тоқтатылып, 2-іс әкімшілік қамақ жазасы қолданылса, 25-іс әкімшілік айыппұл салынған, қалған 251 іс бойынша ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығару жазасы тағайындалған.
Г.О.ИСКАКОВА
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы