Бұл сот істерін жоғары сатыда қайта қарауға мүмкіндік беріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейте түседі.

Азаматтар бірінші саты және апелляциялық саты соттарынан кейін, әрі қарай кассациялық саты сотына жүгіне алады.

Кассациялық соттардың құрылуына байланысты, Мемлекет басшысының 2025 жылғы 28 маусымдағы №923 Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының бес судьясы жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Кассациялық сотының судьялары болып тағайындалды.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, сондай-ақ облыстық сот судьялары А.Наримов, Н.Өміртайұлы, Н.Қосанов және А.Есдәулетов кассациялық сатыда өз қызметтерін жалғастыратын болады.

Осы орайда, әріптестерімізге жаңа қызметте абырой, сәттілік және барша игі жақсылықтарды тілейміз!

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған