Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кеңейтілген отырысын өткізді.

Оған Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов қатысты.

Алдымен Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев және Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров шолу баяндамаларын жасады.

Одан кейін А.Мерғалиев жаңадан құрылған кассациялық соттардың бұрынғы кезеңдерде жіберілуі мүмкін сот қателерінің тиімді сүзгісіне айналу міндетін белгіледі.

Азаматтық сот ісін жүргізу бөлігінде қаралған істер санының тұрақты өсуі аясында сот төрелігінің сапасы сақталғаны атап өтілді. Биылғы 5 айдың қорытындысы татуластыру рәсімдерінің өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 41,6%-ға қарсы 46,9%-ға өскенін көрсетті. 113 мыңнан астам медиациялық талап қоюлар мен істердің (107 мың) тең жартысы баламалы әдістермен шешілген.

Бірінші сатыдағы соттардың жұмысы оң нәтиже көрсетті: апелляциялық тәртіпте қаралған шешімдердің саны 2,5%-ға (14 791-ден 14 421-ге дейін) азайды.

Кассациялық тәртіпте күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің саны шамамен үштен біріне, яғни 263-тен 185-ке қысқарды. Жалпы алғанда, азаматтық істер бойынша түзетілген сот актілерінің үлесі 1,7%-дан 1,4%-ға төмендеді. Бұл республика бойынша біркелкі практиканы сақтаудың жақсы белгісі.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақталғандардың саны 49%-ға (90-нан 134-ке), ал жеке айыптау істерін есепке алмағанда – 128%-ға, яғни екі еседен астамға (26-дан 58-ге) өсті. Ақтау үкімдерінің бұлайша көбеюі соттар жұмысындағы айыптау жағының азайғанын көрсетеді.

Тергеу органдарының қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхаттарын қанағаттандыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Егер 2024 жылы соттар өтінішхаттардың 76,6%-ын қолдаса, биыл – 63,5%-ы ғана.

А.Мерғалиев бұл көрсеткішті тергеу соттары 2018 жылы құрылғаннан бергі бүкіл жұмыс кезеңіндегі рекордтық көрсеткішке жеткен судьялардың тәуелсіздігінің көрсеткіші деп атады.

Соттар сотқа дейінгі сатыда электронды білезіктерді белсенді қолданады: 2025 жылы – 1740 күдіктіге қолданылған. Бұл бүкіл 2024 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп (954).

Ол қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне шағымдарды қараудағы соттардың оң практикасы туралы баяндап, соттар қанағаттандырған шағымдардың үлесі 31,8 пайыздан 36 пайызға дейін өскенін атап өтті. Бұл сот бақылауының жақсарғанының көрсеткіші болып саналады.

Сонымен қатар, соттар қамауға алудың баламалы шараларын таңдауда оң нәтиже көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде соттар тергеу органдарына қарағанда 6 есе көп (соттар – 1842, органдар – 304) үйқамаққа алуды таңдады.

Жоғарғы Сот Төрағасы сотталғандар үшін жазаны алмастыру институттарын қолдану практикасы бөлігіндегі оң динамикаға тоқталды: есепті кезеңде шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМБ) туралы өтінішхаттардың қанағаттандырылуы 32,4%-дан 37%-ға дейін ұлғайған,
жалпы алғанда жазаны ауыстыру (ЖА) және ШМБ қолданылу көрсеткіштері тұрақтылығы соттар жұмысының тұрақты монторингісіне ықпалын тигізеді.

А.Мерғалиев Жоғарғы Соттың ШМБ және ЖА туралы өтінішхаттарды қарауға арналған цифрлық өнімдерді енгізу туралы бастамасын жариялады:
Біз сотталғанның цифрлық файлының сақталуын қамтамасыз ететін цифрлық платформаның жұмыс істеу алгоритмін ұсындық, ол шартты түрде мерзімінен бұрын босату және ЖА туралы өтінішхатты электронды түрде беруді, роботтың көмегімен сот практикасын талдауды, оны сотта онлайн қарауды қамтамасыз етеді. Бастама қолдау тапты, өйткені оны іске асыру қарау мерзімін қысқартады және ең бастысы, сот шешімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді».

Әкімшілік әділет саласында талап қоюлардың 7,3%-ға өскені байқалады – мүліктік даулар, мемлекеттік сатып алулар, сәулет және қала құрылысы бойынша даулар көбірек. Талап қою қайтаруларының 3%-ға артуы татуласу және талап қоюды қайтарып алумен байланысты, соңғысы көп жағдайда даудың іс жүзінде аяқталуын білдіреді.

Талап қоюлар бойынша (жеке сот орындаушыларының талап қоюларын қоспағанда), азаматтар мен бизнестің пайдасына қабылданған шешімдердің 57,8%-ы, орталық мемлекеттік органдарға қойылған талап қоюлардың 49%-ы қанағаттандырылды, жергілікті атқарушы органдарға қатысты бұл көрсеткіш 66%-ды құрады.

Ең көп қанағаттандырылған талап қоюлар жер (73%), тұрғын үй (72%), салық (57%) даулары және қоршаған ортаны қорғау (57%) бойынша болды.

Жазбаша іс жүргізудегі істер бойынша 16%-ға, биылғы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша аумақтан тыс соттылықты қолдану бойынша 64%-ға (202 іске дейін) және шығарылған ақшалай айыппұлдар 1%-ға өсті.

Апелляцияда сот актілеріне түзетулер 3%-ға, кассацияда – 2%-ға азайды. Кәсіпкерлерден түскен 4 мың талап қоюдың жартысы сот арқылы бизнестің пайдасына шешілді.

Кассациялық саты жергілікті соттар қабылдамаған шешімдердің 33%-ын (185-тің 61-і) түзетті.

Жоғары сот органының басшысы атап өткендей, Жоғарғы Сот биылғы жылы көптеген жүйелі жұмыстар атқарды, соның арқасында мемлекеттік органдардың назары инвестициялық дауларды соттан тыс реттеуге ауысты.

Нәтижесінде, астананың МАӘС-на түскен инвесторлық талап қоюлардың саны екі есеге жуық қысқарды (92-ден 54-ке дейін); кассациялық сатыда сот 4 іс бойынша тараптарды татуластырды.

Жоғарғы Сот Төрағасы 2025 жылдың басынан бері жаңадан құрылған кассациялық соттардың материалдық-ұйымдастырушылық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, республика бойынша сот ғимараттарын салу және жөндеу, цифрландыруды дамыту бойынша қабылданған шараларды атап өтті.

Сөзінің соңында А.Мерғалиев сот жүйесіндегі жүйелі реформалардың оң үрдісіне, құқықтарды қорғаудағы сот билігінің шешуші рөліне тоқталды.

Алдағы міндеттер ретінде Президенттің соттарға деген сенімді арттыру, істерді ашық, объективті және әділ қарау жөніндегі тапсырмаларын орындау атап өтілді.

Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, процеске қатысушылардың дауларды шешу сапасына қанағаттану деңгейін үнемі зерделеу басым бағыттар болып табылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған