Қызылорда облыстық сотында өткен салтанатты шарада сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья, облыстық билер кеңесінің төрағасы Зейнулла Әлімжанұлы Нұрсейітовке 70 жасқа толуына орай мерейтойлық құттықтау адресаты табыс етілді.
Сонымен бірге, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы Ләззат Орынбасарқызы Төлебаеваға құрметті зейнеткерлікке шығуына байланысты құттықтау адресаты табысталды.
Осы орайда, мерейтой иелерін шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілейміз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі