Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар сабағы өткізілді.
Оған Қызылорда облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Семинарды азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Н.Қосанов ашып, азаматтық істерді қарау тәжірибесіне тоқталып, сот практикасында жиі кездесетін негізгі мәселелерді атап өтіп, сот төрелігін тиімді жүзеге асыру мақсатында істерді қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізілген практикалық көмек көрсетудің нәтижесі талқыланып, анықталған кемшіліктерге жол бермеу керектігі айтылды.
Семинар соңында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі