Талап қоюшы «С» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Сотпен анықталғандай, 29.11.2024 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім бойынша жеңімпаз болып «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес, «Ф»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 849 900 теңгеге тиісті деңгейде ғаламтормен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.

Алайда, «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

ҚР АҚ-нің 272-273 баптарына сәйкес, міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер «Ф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған