Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен «24 маусым-Судья және сот қызметкерлері күніне» орай шағын футболдан жасөспірімдер арасында турнир өткізілді. Оған 2014-2016 жылғы жасөспірімдер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты- жастарды қолдау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараның ашылу салтанатына аудандық сот төрағасы Қ.Мыханов, аудан әкімінің орынбасары С.Қыдырбекұлы, аудандық маслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудан прокуроры М.Маханбетжанов, Жосалы кенті әкімі А.Досмұратов қатысып, жасөрендерге сәттілік тіледі.
Жарысқа 6 команда қатысып, Қармақшы командасы-1 орын, Жандос командасы-2 орын, Жасқайсар командасы-3 орынды иеленді. Жеңімпаздарға шараны ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ жарыс барысында үздік ойын көрсеткен ойыншылар арнайы «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік сұр мерген» номинацияларымен марапатталды.
Шара соңында төраға Қ.Мыханов аталмыш іс-шара 24 маусым-Судья және сот қызметкерлері күніне орай алғаш рет ұйымдастырылып отырғандығын және қатысушыларға белсене қатысқандары үшін рахмет айтып, алдағы уақытта мұндай турнирлер жалғасын табатындығын айтты.
Қармақшы аудандық соты