Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 3-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Ж.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған 27.03.2009 жылы туған ұлы А. 02.04.2025 жылы түнгі мезгілде сағат 23:35 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, С.Сейфуллин көшесі бойында заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүргені анықталды.
Сондай-ақ, бұл іс-әрекеттің бір жыл ішінде екінші мәрте қайталанып отырғандығы анықталды.
Демек, азаматша Ж. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласына тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетке жол берген.
Азаматша Ж. сотта берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысына сай азаматша Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 19267 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты