Сот-әділдік іздеген,құқығын қорғауға қадам жасаған азаматтардың қорғаны.
Сот саласына жасалған реформалардың нәтижесінде кезінде бес сатылық жүйе оңтайландырып, үш сатыға кеміген еді. Мұндай өзгеріс азаматтарды сот әуресінен құтқару мақсатында, істерді мейлінше жедел, қысқа меерзімде, сапалы қарау ушін қолға алынған болатын. Алайда бірінші сатының шешіміне көңілі толмаған тараптар апелляциялық алқаның шешімінеде тоқтай қоймайды. Тараптар кассациялық алқаның шешіміне үміттеніп,Жоғарғы Сотқа шағымданады.
Сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар, судьялар тауелсіздігі мен сот әділдігін цифрлық өнімдерді енгізу арқылы жүзеге асырылып, тиімділігін арттыру бағытында жасалған оң өзгерістер өз нәтижесін беруде.Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметті барынша сапалы орындау үшін, сотқа жүгінген азаматтардың құқықтарын сотта толыққанды асыру мақсатында, сот әділдігінің сапасын арттыру мақсатында, сот пен халықты жақындату мақсатында биыл 1 шілдеден бастап Астана қаласында қолданысқа үш дербес кассациялық соттар енгізілгелі отыр.
Аудандық немесе облыстық соттар деңгейінде қаралған істер бойынша сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға немесе сот практикасына қайшы келсе, жіберілген сот қателіктері кассацияда түзетілуге, сот актілерінің күші жойылуға, өзгертуге жатады. Тиісінше, процесс барысында жаңа кассациялық сот төменгі саты шешімдерінде іс жүргізу нормаларының сақталуына, заңдардың дұрыс қолданғанына баға беріп, барлық дәлелдемелерді обьективті түрде қаралғанын қамтамасыз етеді.
Кассациялық соттардың отандық сот жұмысына әсері расан.Мұндай ілкімді жобаның қолға алынуы сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа соттың кадрлық әлеуеті ескерусіз қалмайды. Осы ретте Жоғары Соттың штат саны 35 судьяға дейін қысқаратынын да қаперден шығармағанымыз абзал.
Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қарау жөніндегі қызметі олардың заңдылығын,негізділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған және бұл сот практикасын қалыптастыру үшін айқындаушы мәнге ие.
Кассациялық соттың ең басты функциясы заңды күшіне енген сот актілерін қайта қараумен байланысты. Апелляциялық сатыдағы сотпен айырмашылығы, кассациялық іс жүргізу іс бойынша жаңа фактілерді анықтау емес, сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеруге бағытталады. Кассациялық сот құқық нормаларының дұрыс қолданылғанын, төменгі сатыдағы соттың қорытындылары іс материалдары мен белгіленген фактілерге сәйкес келетіндігін жан-жақты тексереді, сонымен бірге, қызметі елдің барлық аумағында заңдардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Л.Шаймова
Қызылорда қаласының әкімшілік
құқық бұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған сотының бас маманы