Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н. ағымдағы жылдың 18 наурызы күні көлігін басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің қызыл көк маяк жағып, тоқтату белгісі мен дауыс күшейткішпен көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай, қозғалысты жалғастырған.

Cотта көлік жүргізушісі өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінішін білдірген.

Сот қаулысымен Н. кінәлі деп танылып, оған 110 096 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған