Жалпы отырыста облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №768 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.
Аталған Жарлыққа сәйкес, Қызылорда облыстық сотының судьясы болып Абдуллаев Қанатбек Амангелдіұлы, Арал аудандық сотының төрағасы болып Алдамбергенов Руслан Темірханұлы, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы болып Үсен Жанәділ Абылайұлы, Жалағаш аудандық сотының судьясы болып Мизанбаев Асылхан Әбітханұлы, Қызылорда қалалық сотының судьясы болып Айнұр Әбілқайысқызы тағайындалды.
Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы Байқоңыр қалалық сотының судьясы Шевцова Елена Евгеньевнаны құрметті отставкаға шығуымен құттықтап, сот жүйесінің дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қосқан ерекше үлесін айта келіп, абыройлы қызметі үшін алғысы мен игі тілегін білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Қысқаша мәлімет:
Абдуллаев Қанатбек Амангелдіұлы – 2005-2013 жылдары Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы, 2013-2017 жылдары Қармақшы аудандық сотының төрағасы, 2017-2022 жылдары Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, 2022 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы қызметін атқарып келген.
Алдамбергенов Руслан Темірханұлы – 2003 жылдан бастап Сырдария аудандық сотының жетекші маманы, Қызылорда облыстық сотының бас маманы, Қызылорда қалалық сотының бас маманы, Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарып, 2014-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой аудандық сотының судьясы, 2020 жылдан осы күнге дейін Сырдария аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген.
Үсен Жанәділ Абылайұлы – 2010 жылдан бастап Сайрам аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, Кентау қалалық сотының бас маманы, Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының бас маманы, Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының бас маманы қызметтерін атқарып, 2020-2024 жылдары Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотының судьясы, 2024 жылдан бастап осы күнге дейін Ордабасы аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.
Мизанбаев Асылхан Әбітханұлы – 2003-2013 жылдары Жалағаш аудандық сотының судьясы, 2013-2015 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2015-2020 жылдары Жалағаш аудандық сотының төрағасы, 2020-2021 жылдары Сырдария аудандық сотының судьясы, 2021 жылдан қазіргі күнге дейін Жалағаш аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген.
Әбілқайысқызы Айнұр – 2003 жылдан бастап Қызылорда облыстық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, Қызылорда қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарған, 2014 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметін атқарып келген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі