Соңғы жылдары Сыр елі құрылыс алаңына айналды. Зәулім үйлер, шағын аудандардың көбеюі тұрғын үй кезегінің көбесін сөгіп, жаңа серпін әкелді. Тіпті, жыл он екі ай бойы сырбойылықтардың қоныс тойына куә болып та жүрміз. Ал, бұл екпіннің елге тұрмыстық түлеу ғана емес, үлкен сәулет салтанатын әкелгенін де айтуға тиіспіз.

Бұл жағдай 17 мың адамның баспана мәселесін шешуге ықпалын тигізді. Демек, тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізуде көшбасшы өңірде алдағы уақытта да еңбек еселене түспек. Бұл мемлекет басшысы Жолдауында айтылған әрбір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету жоспарын ойдағыдай жүзеге асырудың айқын бағдары деп білеміз.

Сейтханов Куаныш Болатович
ТОО “Дорстрой” Инженер

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған