Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сыртқы коммуникациялар Басқармасының мәліметінше Агенттік халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларды қорғауды күшейтті

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың жалғыз баспанасын сақтап қалу үшінқолдау көрсету және борыш жүктемесін төмендету үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асырып келетінін хабарлайды.

Бағдарламаның барлық қолданыс кезеңінде 48 мың азаматтың жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша 315,8 млрд теңгеге ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды, 87,7 млрд теңгесомасына әлеуметтік осал топқа жататын10 мың азаматтың борышы есептен шығарылды.

2024 жылғы қыркүйектен бастап осал топқа жататын проблемалық ипотекалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Бағдарламаға 2010 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген қарыздар қосылды Бұрын 2004 – 2009 жылдар аралығындағы қарыздар ғана  қамтылған еді.

Ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, биыл 19 маусымдағы кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заң бойыншажылу беру маусымында халықтың әлеуметтік осал топтарын ғана емес, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер тұратын отбасыларды жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу енгізілді.

Халықтың осал топтарына көмек көрсету мақсатында банктерге азаматтардың осы санатына банк балансындағы тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығыменжалға берумүмкіндігі берілді.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бланкілік қалдықтарды есептен шығару үшін заңнамалық негіз құрылды, сондай-ақ банктік шоттакем дегенде 2 еңтөменгі күнкөріс деңгейі сомасында қаржының сақталуы қамтамасыз етілді (2024 жылы 86 814теңге), бұл азаматтарға қажетті қаржылық қауіпсіздікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған