Сот жүйесіне жаңа ақпараттық  технологияларды енгізу уақыт талабы болып табылады. 2014 жылдың 9 маусымнан бастап республика соттарында  «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылды.

Республиканың барлық соттарында талап қоюлар, құжаттарды беруден және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей электронды форматқа көшірілді.

 «Сот кабинеті» – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады,  сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

«Сот кабинеті» онлайн электронды құжат айналымы азаматтар мен ұйым­дардың сот органдарымен электронды өзара іс-қимылының жаңа тәсілі болып табылады. Бұл сервис арқылы өтініш, арыз, шағым және элек­трондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу, мем­лекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді  сақтау және жіберу опера­цияларын іске асыруға болады. Пайдаланушы өзіне ыңғайлы  кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, дерек­термен танысып, сот актісін басып шығара алады. 
          «Сот құжаттарымен танысу» сервисі логин, пароль, ЖСН-ді енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге ар­налған. Логин мен парольді сот процесіне қатысушы азамат өзінің ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы біле алады. Жолдаған өтініші тіркелгеннен кейін пайдаланушыға оның тіркелгені туралы талон мен электронды хабарлама туралы түседі.
        Сот процесіне қатысушы мен өзге та­рапқа сот тыңдалымы туралы талон жол­данады. Сот процесіне қатысушыларға судьяның электронды-цифрлық қолтаң­басы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы SMS жіберіледі. Сервистегі электронды сот құжаттарын көруге, сақ­тауға және жүктеп алуға болады.

        Сонымен қатар,  барлық сот процестері бейне және таспаға жазу шаралары енгізілген. Республика соттарының барлығы 100%-ға дыбыс-бейне таспаға жазумен жабдықталған  және сот процесі басталған уақытта бейнежазу құрылғысы іске қосылып, сот процесінің басталған және аяқталған уақыты есепке алынып отырады.

Сервистердің тағы бір түріне тоқталсақ, сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу республика халқы үшін өте тиімді. Себебі, сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан өткізу халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, қарауға мүмкіндік береді.                                             

Г.М.Салимова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маманы 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған