Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары әділет майоры Е.Бегімұлының басқаруымен әр сейсінбі күні ұйымдастырылатын аппараттық кеңес өткізілді. Аппараттық мәжілісте ең алдымен мекеме бастығының бұйрығымен бекітілген алғыс хаты мекеменің жеке құрам қызметкерлеріне табысталды.         Нақтырақ айтар болсақ, мекемеде қамауда отырған айыпталушыға өзінің жақыны сәлем-сауқат әкелу барысында өткір иісті «Кептірілген марихуана» өткізбек болды. Алайда, қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тиым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмей алдын алды.

Антына адал қызметкерлердің еңбегін бағалай отырып, мекеме бастығы арнайы сәлем-сауқат қызметкерлері әділет старшинасы Б.Қасымбеков пен әділет аға сержанты Ж.Шахиеваға алғыс хат тағайындап, аппарттық мәжілісте табыстады.

  • Мекемеде тынбай еңбек етіп жүрген жеке құрам қызметкерлерінің әрбірінің еңбегін бағалап, оларға жігер беріп басшылар атынан қолдау біздің міндетіміз. Әріптестер арасында бір отбасыдай қолдау білдірер болсақ, қуатты ұжым болатынымыз анық, – деп өз ойын білдірді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Е.Романкулов.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған