Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің
188-1-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. жәбірлеуші Е.-нің мал қорасына заңсыз кіріп, байлаулы тұрған жылқысын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.  

Нәтижесінде, жәбірленушіге жалпы 250 000 теңге  мүліктік шығын келтірген.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және басқа да құжаттарымен дәлелденген.

Сот жаза тағайындауда сотталушы Б.-ның  бұрын жасаған қылмысы үшін сотты болып, бас бостандығынан шектеу жазасын толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескеріп, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, түпкілікті 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сырдария  аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған